Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘділет министрлігі өзінің аумақтық бөлімшелерінің қызметін оңтайландыруға ниетті. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ведомство басшысы Ерлан Сәрсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бағыттағы жұмыс мемлекет басшысының жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, толық цифрландыру және өзін-өзі қамтамасыз ететін цифрлық экожүйені әзірлеу туралы тапсырмасын ескере отырып жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта сот орындаушысының Роботы арқылы жеңілдетілген өндірісті дамыту жалғасуда. Робот арқылы өндіріп алу сомасын 20 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін көбейту жоспарлануда, бұл азаматтардың өз қаражатын үнемдеуіне мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, азаматтарға заң қызметтерін көрсету тетігін, сот-сараптама қызметін жүргізу әдістемелерін жетілдіру, әзірленіп жатқан заң жобаларының сапасын арттыру үдерісі жүргізіліп жатыр. Әділет министрінің айтуынша, бұл шараларды қабылдау қызмет көрсету сапасын, сондай-ақ аумақтық органдар жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік тудырады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары