Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті. Стипендия әдебиет пен өнер саласындағы 75 адамға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы екенін атап өтті. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.
Мемлекеттік стипендия Асанәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Нұрғали Нүсіпжан, Меруерт Өтекешова, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Юрий Аравин, Сержан Шәкірат, Амандос Ақанаев, Татьяна Тарская, Гүлвер Разиева секілді әдебиет пен өнер майталмандарына табысталды. Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, балерина Татьяна Тенге, опера солисі Мақсат Саматовқа және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Стипендия иегерлері мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында шығармашылықпен алаңсыз айналысуға мүмкіндік алады. Бұл стипендия еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады