22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАдамзат Айға қайта оралуға ғана емес, онда тұрақты өмір сүруге дайындалып жатыр. NASA таныстырған Moon Base жобасы аясында алдағы жылдары Айға роботтандырылған миссиялар жіберіліп, кейін астронавтар ұзақ мерзімді экспедицияларға аттанбақ. Агенттік бұл жобаны болашақта Марсқа ұшуға апарар маңызды қадам ретінде бағалап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
NASA мәліметінше, алғашқы роботтандырылған миссиялар 2026 жылы басталады. Ал адам Ай бетіне 2028 жылы қайта оралуы мүмкін. 2030 жылдардың басында Айдағы ұзақ мерзімді экспедициялар кезеңі басталады деп күтілуде. Бұл туралы Еuronews жазды.
Moon Base жобасы нені көздейді?
Moon Base – Айдың оңтүстік полюсі маңында тұрақты база салуға арналған жоба. Ол NASA-ның Artemis бағдарламасы аясында жүзеге асады. Жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Әуелі Айға роботтандырылған жүк миссиялары жіберіледі, кейін астронавтар қатысатын экспедициялар басталады.
NASA әкімшісі Джаред Айзекман агенттік қазірдің өзінде Moon Base-тің үш миссиясын жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл – ондаған болашақ миссияның бастамасы ғана.
Жобаның басты мақсаты – Айда адамның ұзақ мерзімді қатысуын қамтамасыз ету және Марсқа болашақ сапарларға қажет технологияларды сынақтан өткізу.
Неліктен Айдың оңтүстік полюсі таңдалды?
Алғашқы миссиялар Айдың оңтүстік полюсіндегі Шеклтон жоталарын жалғайтын қыратқа бағытталады. Ғалымдар бұл өңірдегі мәңгі көлеңкеде жататын кратерлерде мұз түріндегі су қоры болуы мүмкін деп есептейді.
Бұл ресурс болашақ астронавтар үшін аса маңызды. Мұздан ауызсу, оттегі және зымыран отыны өндірілмек. Яғни Айдағы тіршілікті қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі элементтер сол жерде болуы мүмкін.
NASA өкілдері дәл осы мүмкіндік Айда тұрақты база салу жоспарын шынайы ете түсетінін айтқан
Айға 500 келіден астам жүк апарады
Moon Base жоспарының алғашқы кезеңі толықтай роботтандырылған миссияларға негізделген.
Миллиардер Джефф Безос құрған Blue Origin компаниясы 2026 жылдың күзінeн ерте емес уақытта Айға Mark 1 Endurance қону модулін жібермек. Ол ғылыми құрылғылар мен жүк жеткізеді.
Екінші миссияда Astrobotic компаниясының Griffin қону модулі Айға 500 келіден астам жүк апарады. Оның ішінде Astrolab әзірлеген FLEX ровері де бар. NASA бұл миссияны Ай бетіне жеткізілетін тарихтағы ең ірі коммерциялық жүк деп бағалап отыр.
Ал үшінші миссия NASA-ның PRISM бастамасы аясында таңдалған ғылыми тәжірибелерге арналады.
Астронавтар Айға 2028 жылы барады
Қазіргі жоспар бойынша Artemis III миссиясы 2027 жылдың ортасында ұшырылады. Бұл сапарда NASA-ның Orion ғарыш кемесі мен Blue Origin және SpaceX әзірлеген Ай қону модульдерінің түйісу жүйелері тексеріледі.
2028 жылдың басына жоспарланған Artemis IV миссиясында астронавтар Orion кемесінен коммерциялық қону модуліне ауысып, Ай бетіне түседі.
NASA кейін Айға жыл сайын бір миссия жіберуді жоспарлап отыр.
Айдағы өмір қандай болады?
Алғашында астронавтар Айға қысқа мерзімді экспедициялармен барып, роверлерді, тұрғын модульдерді және Ай бетінде жұмыс істеу технологияларын сынайды.
Кейінгі кезеңдерде герметикалық көліктер пайдаланылуы мүмкін. Олар астронавтарға Ай бетінде жүріп-тұруға әрі сонда өмір сүруге мүмкіндік береді.
NASA-ның Moon Base бағдарламасының жетекшісі Карлос Гарсия-Галан болашақта астронавтар Pressurised Rover көліктерінде өмір сүріп, Айды зерттей алатынын айтты.
Адамзат Айда мәңгі қалады ма?
NASA дәл осы мақсатқа ұмтылады. Агенттік жоспарына сәйкес, 2029 жылдан 2030 жылдардың басына дейін Айда тұрақты инфрақұрылым салына бастайды. Оның ішінде энергетикалық жүйелер мен тұрғын модульдер болады.
Егер бұл жоспар іске асса, Ай адамзаттың ғарыштағы алғашқы тұрақты мекеніне айналуы мүмкін.
Бір күні біз «мұнда мәңгілікке келдік» деп айта аламыз, – дейді NASA өкілдері.
Айды игеру жобасы тек ғылыми тәжірибе емес. Бұл – адамзаттың Жерден тыс өмірге бейімделу жолындағы ең үлкен қадамдарының бірі болуы мүмкін.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев