6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТанымал блогер өлімді еске салатын ерекше сағат ойлап тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ғылыми бағыттағы Vsauce YouTube-арнасының авторы Майкл Стивенсон DeathWatch деп аталатын ерекше сағатты таныстырды. Бұл сағат адамға өмірінің шамамен қашан аяқталатынын көрсетіп, сол уақытқа дейінгі күндерді кері санап тұрады.
Уақытты есептеу кезінде адамның жасы, зиянды әдеттері және денсаулығы туралы мәліметтер ескеріледі.
Құрылғы ретро-стильде жасалған: корпусында латын тілінде Omnes vulnerant, ultima necat («Сағаттың әр соғысы жаралайды, ал соңғысы өлтіреді») және Nox imminet («Түн жақындап келеді») деген сөздер қашалып жазылған.
Сағатта екі батырма бар: қызыл түйме кері санауды қосуға арналған, ал сұр түйме уақытты кәдімгі режимде көрсетуге ауыстырады.
Құрылғы алдын ала тапсырыс беру арқылы қолжетімді. Бағасы – шамамен 36 500 теңге.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі