28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарUBS Group AG зерттеуіне сәйкес, әлемдік адамтектес (гуманоид) роботтар нарығының көлемі 2050 жылға дейін 1,4–1,7 триллион АҚШ долларына дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Швейцариялық қаржы холдингі UBS Group AG сарапшыларының есебі бойынша, алдағы он жылда шамамен 2 миллион адамтектес робот қолданысқа енгізілмек, ал 2050 жылға қарай олардың саны 300 миллионға дейін өсуі мүмкін.
Мамандардың пікірінше, мұндай роботтарды кеңінен пайдалану қажеттілігі ең алдымен халықтың қартаюымен, жұмыс күшінің тапшылығымен және қызмет көрсету саласындағы өнімділіктің төмен өсімімен байланысты.
UBS сарапшыларының болжамынша, адамтектес роботтардың жаппай таралуындағы бұрылыс нүктесі 2030 жылдан ерте болмайды.
“Робот өндірісінің қарқынды дамуына дейін бірқатар кедергілер бар. Олардың қатарында жасанды интеллекттің дамуы, деректер базасының қалыптасуы және реттеу тетіктері тұр”, – делінген UBS есебінде.
Холдингтің мәліметінше, келесі 20 жылда адамтектес роботтардың бағасы мен оларды пайдаланудың жалпы құны 70%-дан астамға төмендеуі мүмкін. Бұған өндіріс көлемінің ұлғаюы мен жеткізу тізбектерінің жетілдірілуі әсер етеді.
UBS сарапшыларының айтуынша, бұл сектордың дамуы автоматтандырумен айналысатын компанияларға, сондай-ақ көлік компоненттері мен жартылай өткізгіштер өндірушілеріне, аккумуляторлар мен сирек кездесетін металдар жеткізушілеріне айтарлықтай пайда әкелмек.
Болжам бойынша, 2050 жылы 86 миллион адамтектес робот шығару автоматтандыру нарығына қосымша 400 миллиард доллар, ал сирек кездесетін металдар нарығына 7 миллиард доллар табыс әкеледі. Бұл көрсеткіштер 2025 жылмен салыстырғанда сәйкесінше төрт және екі есе жоғары.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?