Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Шымкентте танымал әншінің концерті кезінде жиналған жастар бірін-бірі таптап, оқыс жағдай орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған бұл концертке халық көп жиналғаны соншалық, көрермендер арасында дүрбелең туындаған. Оқиғаға байланысты әлеуметтік желілерде түрлі видеолар таралып, куәгерлер болған жағдайды баяндады.
Желі қолданушыларының бірі концерт өткен алаңда адамдардың бірін-бірі итеріп, қыспақта қалғанын жазды. Оның айтуынша, шамамен 10-15 адам есінен танып, ал 25-30 шақты көрерменді жақындары іздеген. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, полицейлер шақырылғанымен, халықтың көптігі жағдайды қиындатқан.
8 наурызда Садраддиннің концерті өтті. Адам өте көп болды, бүкіл Шымкент сол жақта жүргендей көрінді. 10-15 шақты адам талып қалды, ал 25-30 адамды іздеп жүрді. Полицей шақырдық. Жұрт толқын секілді тербеліп тұрды. City Mall-дың ішінде де халық лық толды. Үйге кешкі 10-да бір-ақ жеттік. Садраддин бар болғаны үш ән айтып, кетіп қалды. Көпшілік концертті бастан-аяқ тамашалай алмады. Ол жақтағы жағдайды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тегін болғандықтан, халық көп жиналды, – деп жазды куәгерлердің бірі.
Өнер иесі сахнада тұрып, көрермендерді сабырға шақырып, тәртіп сақтауды сұрады.Бұл оқиға халық көп жиналған іс-шараларда қауіпсіздікті қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді