23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы қаласы Полиция департаменті әлеуметтік желіде азаматтарды қорлайтын материалдар жариялаған Нұржан Смағұловты әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Ведомство мәліметінше, өзін діни «ұстаз» ретінде таныстырған ол Instagram желісінде адамдарды кемсітетін пікірлер айтылған видеолар жариялаған. Атап айтқанда, азаматтарды «сиырлармен» салыстырған.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешімімен Нұржан Смағұлов кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 108 125 теңге айыппұл салынды.
Полиция өкілдері азаматтарды заң талаптарын сақтауға және өзгелердің сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарауға шақырды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады