23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасымен айналысқан, деп хабарлайды El.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - делінген хабарламада.
Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деп күдіктеліп отыр.
Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады. ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік