Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Форум қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі Ташкент декларациясы қабылданды.
Іс-шара БҰҰ өкілдігі, USAID миссиясы, ЕҚЫҰ жобаларының үйлестірушісі және халықаралық түрме реформасымен (PRI) ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Форумды жыл сайын аймақ елдерінің бірінде өткізу жоспарлануда.
Форумға қатысушылар Орталық Азия елдерінің омбудсмендерінің өзара іс-қимылын, адам, оның ішінде әйелдер, балалар және мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау, цифрлық технологияларды пайдалану, бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы күш-жігер мен мүмкіндіктерді шоғырландыруды талқылады.
Ташкент декларациясы Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанның адам құқықтарын қорғауға, оның ішінде аймақ азаматтарының адам құқықтары туралы құқықтық хабардарлығын арттыруға және азаптаудың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға бейілділігін растайды.
Форум аясында өңір елдерінің омбудсмендері арасында екіжақты меморандумдарға қол қойылды.
2021 жылы Өзбекстан омбудсменінің кеңсесі 18,7 мыңнан астам өтініш алды, олардың 60-қа жуығы басқа елдерден жіберілді. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында шетелден жіберілген өтініштер саны 32-ді құрады. Бұл өтініштердің көпшілігі Орталық Азия елдерінен келіп түседі. Осыған байланысты өңір елдерінің омбудсмендері қызметінің бағыттарының бірі азаматтардың өтініштерін бірлесіп қарау.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары