Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАмерикалық миллиардер Илон Маск резонанс тудырған жазбасын әлеуметтік желіден алып тастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол екі күн бұрын жариялаған жазбасында экс-президенттің аты атышулы банкир Джеффри Эпштейннің құжаттарында кездесетінін меңзеп, бұл деректердің не себепті әлі күнге дейін жарияланбағанын түсіндірген еді.
Дональд Трамп Эпштейн файлдарында бар. Бұл — олардың әлі жарияланбағанының нағыз себебі. Жақсы күн тілеймін, Дональд!, — деп жазған Маск.
Бұл жазба кейін өшірілгенімен, скриншоттары әлеуметтік желілерде кең таралып үлгерді.
Айта кетейік, Джеффри Эпштейн — кәмелетке толмағандарды жыныстық қанау және адам саудасы айыптары бойынша 2019 жылы тұтқындалған банкир. Ол сот басталмай тұрып тергеу изоляторында өзіне қол жұмсаған. Тергеу материалдарында көптеген танымал тұлғалардың есімі аталғанымен, құжаттардың көп бөлігі әлі күнге дейін құпия күйінде қалып отыр.
Сонымен қатар, Маск жуырда өзіне тиесілі Х әлеуметтік желісінде жаңа саяси партияға атау ұсынған. America Party ("Америка партиясы") деп аталатын атауды желі қолданушыларының 80%-дан астамы қолдаған.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады