Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденовтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Заң жобасы Мемлекет басшысының адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралар туралы тапсырмасы және заңның үстемдігі аясындағы шараларға орай әзірленуде.
Отырысқа ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың сарапшылары, Білім, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Бас прокуратураның, Қаржы мониторингі агенттігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, Экономикалық зерттеулер институтының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, елорданың жетекші жоғары оқу орындарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жұмыс тобы заң жобасында қолданылатын негізгі ұғымдарды, заң жобасының қолданылу аясы, принциптері, мақсаттары мен міндеттері, уәкілетті органдардың адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі функциялары, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың құзыреттерін және басқа да мәселелерді талқылады.
Заң жобасын енгізу мерзімдері: 2023 жылғы қаңтар – Әділет министрлігіне, 2023 жылғы ақпан – Үкіметке, ал 2023 жылғы сәуір – Парламентке енгізу белгіленді. Әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Талқылау және заң жобасына енгізу үшін өз ұсыныстарыңызды s.stoptrafik@mvd.gov.kz электрондық мекенжайға жіберуіңізді сұраймыз.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?