«Адам қиналса, Алла береді». Танымал актриса екі айлық баласымен қалай түсірілімге шыққанын айтты

5 Қазан 2023, 13:00 1842

Актриса Индира Сабирова «Мамский әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында екі айлық баласымен қалай түсілірімге шыққанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Адам қатты қиналса, Алла береді екен. Баланың сыбағасы, несібесі болады дейді ғой. Мен екі айлық баламен түсірілімге шығып кеттім. Өзімнің анам қасымда болды. Ең алғашқы түсірілімім – «Аппақ келін». Маған күйзелістен құтылу үшін жұмыс керек еді, оны іштей сезіп жүрдім, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Индира Сабирова түсірілімге түсу оңай болмағанын айтады.

Қазан айында анаммен, екі айлық баламмен түсірілімге бардық. Маған түсірілім алаңында «Индира, балаңыз жылап жатыр, емізіп келіңіз» деп айтатын еді. Барлығы мені күтіп тұрады, ыңғайсызданатын едім. Үзіліске тек 5 минут қана береді, ол жетпейді ғой. Әйтеуір бірдеңе қылып түсірілімді өткіздік, - деді актриса.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: