Адам қанша уақыт ұйықтамауына болады

5 Қаңтар, 15:46 7169

Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы жоғары. Ұйқы режимін бұзу ағзаны қауіп-қатерге тігумен тең.

Сонымен, адам қанша уақыт ұйықтамауына болады

Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Ең танымал эксперимент 1964 жылы жасалды. Он жеті жастағы Рэнди Гарднер 264 сағат, яғни он бір күн бойы ұйықтамаған. Бұл тәжірибе «ұйықтамау адам денсаулығына соншалық зиян емес» екенін дәлелдеу мақсатында жасалған. Гарднер мен оның дәрігері ұзақ уақыт көз ілмеу ешқандай психикалық, физикалық өзгерістерге әкелмегенін айтқан. Тіпті, эксперимент аяқталатын кезде Рэнди пинг-понг ойнап, қарсыласын жеңіп алыпты. Алайда, екінші бақылаушы жасөспірімнің тәжірибе кезінде бір нәрсеге назар аударуы нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендеп, тіпті галлюцинацияға ұшырағанын айтады. Кейінірек, ұйқы депривациясы адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретіні анықталды. Сондықтан Гиннес рекордтар кітабы да бұл рекордты бұзған адамды таба алмады, тіпті мұндай тәжірибені қолдамайтынын жеткізді.

Егер ұйқы жетіспесе, адамда қандай өзгерістер болады

Ұйқы жетіспеушілігінен өмір сапасы нашарлап, өлім қаупі артады. Тіпті дұрыс тамақтану мен спортпен шұғылданудың да ешқандай пайдасы тимек емес.

Қысқа мерзімді ұйқы жетіспеушілік көңіл күйді түсіріп, жадымызды нашарлатып, ойлау қабілетімізге зиян келтіріп, энергиямыздан айырады.  Қатты шаршағаннан бірнеше секундтан минутқа дейін баратын микроұйқылар пайда болады. Ал бұл адам өмірі үшін, әсіресе көлік басқарып келе жатқандар үшін өте қауіпті болуы мүмкін. АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы жыл сайын 6 000 адам ұйқылы-ояу көлік жүргізгеннен қайтыс болатынын айтады.

Созылмалы ұйқысыздықтың денсаулыққа зияны орасан. Ол барлық ағзаға қауіп төндіреді. Нақтырақ айтқанда:

- қан қысымының жоғарлауы;

- диабет;

- жүрек талмасы;

- инусльт;

- депрессия;

- либидоның төмендеуі;

- семіздік;

- иммун жүйесінің нашарлауы сияқты түрлі келеңсіздіктерге ұшыратады.

Адам қанша сағат ұйықтау керек

АҚШ-тың ұлттық қоры адамға қанша сағат ұйқы керегін есептеген. Ол адам жасына тікелей байланысты болып шықты.

3 айға дейінгі нәрестелерге –  14–17 сағат;

4–11 айлық бала – 12–15 сағат;

1–2 жастағы бала – 11–14 сағат;

Мектеп жасына дейінгі балалар (3–5 лет жас) – 10–13 сағат;

Кіші мектеп оқушылары (6–13 жас) – 9–11 сағат;

Жасөспірімдер (14–17 жас) – 8–10 сағат;

Ересектер (18–65 жас) – 7–9 сағат;

Егде жастағылар (65 жастан жоағары) 7–8 сағат.

Қалыпты ұйқы – өнімді жұмыс істеудің алғышарты.

Егеp ұйқысыздықтан қиналсаңыз...

Оның шешiмi - дұpыс ұйықтаyды үйpенy. Жұмыс пен демалыс кестесiн pетке келтipiп, ұйықтаp алдында денеңiздi бoсаңсытатын жылы ваннаға түсyдi әдетке айналдыpыңыз. Егеp ұйқысыздық қатты шаpшағаннан, күйзелiстiң салдаpынан бoлса, oнда ұйықтататын дәpi қабылдаyыңызға бoлады. Алайда, ең алдымен мұндай дәpiнi қабылдаy еpежесiн қатаң сақтаған жөн. Екiншiден, кез-келген ұйықтататын дәpiнi 10-14 күннен аpтық қабылдаyға бoлмайды. Oсы меpзiм iшiнде дәpiге үйpенiп, oған тәyелдiлiк қалыптасып үлгеpмейдi және oны қабылдаyды тoқтатy ешқандай мәселе тyдыpмайды. Бұндай қағиданы сақтаy oңай емес, себебi көптеген адамдаp ұйқысыздықтың азабын таpтқаннан гөpi дәpi-дәpмек қабылдағанды жөн санайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: