6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚытайлық ғалымдар адам денесінің жылуын электр қуатына айналдыра алатын серпімді материал ойлап тапты. Бұл жаңалық болашақта өздігінен қуаттанатын «ақылды» киімдер мен киюге болатын түрлі гаджеттерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл туралы South China Morning Post-қа сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Біз – әлемде алғаш болып термоэлектрлік резеңке концепциясын ұсынған ғылыми топпыз, – дейді зерттеу тобының жетекшісі, Бейжің университетінің материалтанушы ғалымы Лэй Тин.
Негізгі жаңалық – жартылай өткізгіш полимерлер мен серпімді резеңкені біріктірген гибридті құрылымда. Материал бастапқы ұзындығынан 850%-дан артық созыла алады, сонымен қатар жоғары өткізгіштік пен дәстүрлі бейорганикалық материалдарға тән термоэлектрлік қасиеттерін сақтайды.
Бұл өнертабыс киілетін құрылғыларды жиі қуаттау мәселесін шешуі мүмкін. Ғалымдар болашақта материалды киімге енгізіп, оның қалтадағы телефонды қуаттай алуын немесе дене температурасын реттеуін жоспарлап отыр. Сондай-ақ бұл жаңалықты сыртқы батареяны қажет етпейтін медициналық датчиктерде де қолдануға болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі