Адам болу құндылыққа айналды: Кембридж 2026 жылдың сөзін таңдады

Адам болу құндылыққа айналды: Кембридж 2026 жылдың сөзін таңдады

Мадина Асылбекова
Фото: AI көмегімен жасалды

Кембридж сөздігі 2026 жылдың сөзі ретінде ағылшын тіліндегі human («адам», «адамға тән») сөзін таңдады. Бұған жасанды интеллектінің қарқынды дамуы және оның адам атқарып келген жұмыстарды барған сайын көбірек орындай бастауы себеп болған.

Кембридж сөздігінің түсіндіруінше, human сөзі адамның өзіне тән қасиеттері, кемшіліктері мен сезімдері бар екенін білдіреді. Яғни бұл ұғым адамды құдайлардан, жануарлардан немесе машиналардан ерекшелендіретін белгілерді сипаттайды.

Неліктен «адам» сөзі таңдалды?

Сөздік редакторларының айтуынша, жасанды интеллектінің дамуы адам мен машинаның мүмкіндіктері арасындағы шекараны біртіндеп көмескілендіріп барады. Бұрын тек адамның қолынан келеді деп есептелген көптеген жұмысты бүгінде нейрожелілер де орындай алады.

Осыған байланысты human сөзі бұрынғыдан өзгеше мәнге ие бола бастады. Егер бұған дейін ол жалпы адамға қатысты ұғымдарды білдірсе, қазір бір нәрсенің жасанды интеллект емес, нақты адам тарапынан жасалғанын айқындау үшін жиі қолданылады.

Мәселен, ағылшын тілінде:

Осылайша, үйреншікті сөзге қосымша мағына жүктелді. Енді ол белгілі бір жұмыстың артында адамның еңбегі мен шығармашылығы тұрғанын білдіретін белгіге айналып келеді.

Кембридж сөздігінің редакторлары мұны қоғамның жасанды интеллектіге деген көзқарасындағы өзгерістің көрінісі деп санайды. ЖИ күнделікті өмір мен жұмысқа көбірек араласқан сайын, адам қолымен жасалған дүниенің құндылығы да айқындала түседі.

Келер жылы қандай сөздер жиі қолданылуы мүмкін?

Кембридж сөздігі алдағы уақытта кең таралуы мүмкін бірнеше жаңа тіркеске де назар аударған.

Солардың бірі – FOBO. Бұл сөз адамның өзектілігін жоғалтып алудан немесе біреуге қажетсіз болып қалудан қорқуын білдіреді. Соңғы уақытта бұл ұғым жасанды интеллектімен жиі байланыстырылады. Әсіресе нейрожелілердің адамды жұмыс орнында алмастыруы мүмкін деген алаңдаушылықты сипаттағанда қолданылады.

Тағы бір тіркес – weather whiplash. Ол ауа райының күрт құбылуын білдіреді. Мысалы, аптап ыстықтың аяқ астынан суыққа ұласуы немесе бір экстремалды ауа райы жағдайының екіншісімен тез алмасуы осы ұғыммен сипатталады.

Айта кетейік, 2025 жылы Кембридж сөздігі жыл сөзін parasocial («параәлеуметтік») деп таңдаған еді. Бұл термин адамның өзі ешқашан жүзбе-жүз кездеспеген адамға, мысалы, танымал тұлғаға немесе ойдан шығарылған кейіпкерге эмоционалды түрде жақындық сезінуін білдіреді.

Оқи отырыңыз

{