29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАғымдағы жылдың 4 шілде күні Талдықорған қаласындағы Достық үйінде, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» және облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына арналған «Абыройы асқақ Астана!» облыстық форумы өтті.
Шараның мақсаты: жастарды Астана тарихын білуге және құрметтеуге шақыру, патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың бойында азаматтық белсенділікті қалыптастыру.
Форумға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, қоғамдық келісім, аналар кеңестері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, әскерилер және БАҚ өкілдері қатысты.
Форум аясында С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапхананың қатысуымен «Ел мақтанышы – Астана» тақырыбында кітап және сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ концерттік бағдарлама және белсенділерді марапаттау рәсімі өтті.
Форумда құттықтау сөз сөйлегендер Ғ. Тұрсынбай, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі, О. Жақиянов, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Джан Эдуард Алматыдағы қытай мәдени орталығы ҚБ президенті, Ян Дэ-Си, Қарағанды облыстық «Дружба» Қытай ұлттық-мәдени орталығы ҚБ төрағасы, Б. Другов, облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығының белсендісі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабының мүшесі, Л. Мазова, облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығының төрайымы.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек