Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыНидерландта бокстан өтіп жатқан Eindhoven Boxcup халықаралық турнирінде 70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Финалда ол өзбекстандық Асахужа Муйдинхужаевпен кездесіп, алғашқы раундта қабағы жарылғаннан кейін жекпе-жек тоқтатылды. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Жүсіповке берді. Бұған дейін жартылай финалда Абылайхан бельгиялық Анас Каддуриді 5:0 есебімен айқын жеңіп, финалға жолдама алған еді.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов — 2023 жылдың соңында Таиландта өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.
Сондай-ақ, бүгін 50 келі салмақта бақ сынаған Даниял Сәбит те турнир чемпионы атанды. Финалда ол моңғолиялық Баттулга Алдархишигті сенімді түрде жеңді. Жартылай финалда қазақстандық боксшы бельгиялық Асаихи Редуанды айқын басымдықпен ұтып, шешуші кезеңге өткен болатын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары