30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ісі сотқа жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Абылай Мырзахметов биылғы 10 мамырда ұсталды.
Ол алаяқтық жасады және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр.
«10 мамырда „Атамекен“ ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді. Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген Антикор хабарламасында.
Еске сала кетейік, Абылай Мырзахметов өткен жылы 18 ақпанда «Атамекен» ҰКП басқарма төрағалығынан өз еркімен бас тартқан.
Айта кетейік, Абылай Мырзахметов әр жылдары Премьер-Министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі және басқа қызметтерді атқарған, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына 2013-2022 жылдары төрағалық еткен.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды