23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен VII Мәдениет саммитіне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумның негізгі тақырыптары жасанды интеллекттің мәдениет пен адам шығармашылығына ықпалы, сондай-ақ тұрақты болашақ жолындағы бейбітшілікті нығайтуда мәдени байланыстардың рөлі болды. Пленарлық сессияда сөз сөйлеген Аида Балаева жаһандық тұрақсыздық жағдайында мәдениеттің ерекше маңызын атап өтті.
Мәдениет — бұл тек өткеннің мұрасы емес. Бұл — диалогтың тетігі, ұрпақтар, ұлттар мен діндер арасындағы көпір. Өркендеу дәуірінде де, қиын кезеңдерде де дәл мәдениет рухты көтеріп, шабыттандырып, адамдарды біріктіріп отырды. Бүгінде де ол — болашаққа апаратын сенімді тірегіміз әрі елдер арасындағы өзара іс-қимыл тетігі, - деді министр.
Сонымен қатар, Аида Балаева Қазақстандағы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени әралуандық дәстүрлеріне тоқталды. Бүгінде елімізде жүзден астам этнос өкілдері өз тілін, өнерін сақтап, бейбіт өмір сүріп келеді. Министр Мемлекет басшысы жариялаған «Әралуандықтағы бірлік» қағидаты Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің берік негізіне айналғанын ерекше атап өтті.
Саммит жұмысына 90 елдің делегациялары қатысты. Халықаралық жиын идея алмасу, гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты және мәдениет арқылы бейбітшілікті нығайтуға бағытталған жаңа бастамаларды қалыптастыратын маңызды алаңға айналды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік