2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАқордада өткен ресми кездесуде Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанға жасаған сапарының маңыздылығын атап өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екенін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті Президент мырза, бүгін Астанада болу – мен үшін үлкен мәртебе. Ең алдымен, Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атынан алғысымды білдіремін. Қазақстан – біздің өңіріміз үшін маңызды ел, әрі сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын, – деді шейх Халед.
Тақ мұрагері Қазақстан халқының табандылығы мен ерлігіне жоғары баға беріп, ардагерлерге құрметін жеткізді. Оның айтуынша, БАӘ мен Қазақстан өзара сенім мен өзара құрметке негізделген берік байланыс орнатқан. Соңғы жылдары бұл серіктестік тек нығайып, инвестиция мен түрлі салаларда қарқын алып келеді.
Энергетика, көлік, логистика, цифрлық инфрақұрылым – бұл салаларда біз кең ауқымды жобаларды бірлесе жүзеге асырып келеміз. Атап айтқанда, жаңартылатын энергия көздері бойынша, оның ішінде Әзербайжан мемлекетіндегі жел электр станциясына қатысты жобаларымыз бар, – деді ол.
Сонымен қатар, шейх Халед жасанды интеллект, суперкомпьютерлер, смарт-қалалар қызметі мен цифрлық трансформация салаларындағы ынтымақтастықты күшейтуге ниетті екенін жеткізді. Ол аграрлық сектор мен азық-түлік қауіпсіздігі бағытындағы жаңа жобалар мен Астанадағы институционалдық бастамаларды да ерекше атап өтті.
Қазақстан технологиялық даму мен инновацияға бағыт алып отыр. Елдің экономикалық трансформациясы да айқын. Осы бағытта біз ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға және тұрақты дамуға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп түйіндеді Абу-Даби тақ мұрагері.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова