Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Самат Мұсабаев әлеуметтік желідегі фейк парақшалармен күрес осал екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат прокуратура өкілдеріне желідегі фейк парақшаларға қатысты сауалын қойды.
Әблязовты қолдап біреу жазса, сіздер оны бір сағаттың ішінде тауып аласыздар. Ал біз сияқты қарапайым азаматтарды қорлап жазса, өмірі таба алмайсыздар. Осыған кім және не кедергі? - деп сұрады депутат.
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев заңсыз контенпен жұмыс екі бағытта жүргізілетінін түсіндірді.
Біріншісі – бұл заңның сақталуы барысында жауапкершілікке тарту, екіншісі – техниканың мүмкіндігіне байланысты. Бізде заңның сақталуына және қолданылуына қатысты мамандар бар. Ал техника жағы прокуратураның құзырына кірмейтіндіктен, бізде ондай мамандар жоқ. Техника бойынша мамандар ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары және жедел іздестіру амалдарын жүргізетін құзырлы органдарда болады, - деді ол.
Сондай-ақ ол Әблязовке қатысты сұраққа:
Заңмен шектелген ұйымның жақтастары өздерінің есімдерін жасырмай, парақшаларында ашық көрсетеді. Сол себепті де оларға тікелей сұрақ қойылады және олар тікелей сотта жауапкершілікке тартылуда. Ал анонимді түрде басқа да жалған парақшалардың атынан азаматқа қатысты көрінеу жалған ақпарат таратылса, онда, әрине, бірінше кезекте ол адамның жеке басын анықтау үшін техника жағына жүгіну қажет. Бұл ұлттық қауіпсіздік органы мен ішкі істер органының құзырында. Ал адам табылған жағдайда, оны жауапкершілікке тарту қиындық тудырмайды, - деп жауап берді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары