13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМаңғыстау облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітап оқу эстафетасы жалғасты.
Өңір әкімі Нұрдәулет Игілікұлы бастаманы қолдап, кітап оқу мәдениетін дамыту қоғамның рухани өсуіне ықпал ететін маңызды қадам екенін атап өтті.
Жоба аясында Маңғыстау облысының әкімі кітап оқу эстафетасын Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа жолдады.
Өңір басшысының айтуынша, бүгінде Маңғыстау облысында 70 кітапхана халыққа тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Облыстық кітапхана қоры 435 мыңнан астам кітап пен құжаттан тұрады. Сонымен қатар, кітапхана жаңа ғимаратқа көшіріліп, заманауи оқу залдарымен жабдықталған.
Сондай-ақ облыста Маңғыстау креатив алаңы, жаңа форматтағы балалар кітапханасы мен креатив хаб жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, жаңа аудандарда кітапхана құрылысы басталып, мәдени-рухани инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Нұрдәулет Игілікұлы оқырмандарға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романын оқуға ұсынды.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы қоғамда кітап оқу құндылығын дәріптеуге, оқырман мәдениетін қалыптастыруға және қазақ әдебиетінің үздік туындыларын насихаттауға бағытталған рухани-ағартушылық бастама саналады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды