13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз15 сәуірде Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экспозицияда 40-тан астам инемен кестеленген жұмыс ұсынылған. Суретші туындының құрылымы мен түстік түзілімін түрлі-түсті жіптер арқылы ойнатып, кескіндемелік жолақтарды, жағыстарды және кескіндерді аса дәлдікпен кесте арқылы көрсетеді.
Жалпы суретшінің көрмеге қойылған жұмыстарынан – түстің қанықтығы, құрылымның нақтылығы байқалады. Автор туындыларының тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі ою-өрнектерді шебер қолдануы болып отыр.
Көркемөнердің ішінде балалық шаққа арналған тақырыптар да бар. Ол өз еңбектерінде ауылдың бейқам өмірін, бала көңілдің тазалығын, жан дүниенің тыныштығы мен сағыныш лебін көркем шеберлікпен жеткізген. Көрме 4 мамырға дейін жалғасады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды