Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыРежиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Швецияда өтетін Скандинавия өңірінің бас кинофестиваліне шақырту алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фильм 24 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтетін Скандинавия өңіріндегі 48-халықаралық Готеборг кинофестивалінде ұсынылады. Сонымен қатар фильм 11-18 ақпан аралығында Францияда өтетін Везуль Азия киносының халықаралық кинофестиваліне қатыспақ.
Фильмнің Готеборгтегі көрсетілімі – туындының еуропалық премьерасы, ал Везульдегі көрсетілімі франциялық премьерасы ретінде қарастырылуда, – дейді режиссер.
Аталған кинокартинаны Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.
Фильм есеңгіреп қалған тұрғындармен диалог құру арқылы дискриминация, жемқорлық пен капитализм тақырыптарын талдайды. Картина тағдыры ауқымды тарихи оқиғалармен астасқан адамдардың хикаясына негізделген. Фильмнің өндірісі халықаралық мамандардың басын қосқанын да айту керек.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары