Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліДзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова жаңа атаққа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әбужақынова ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Ал куәлікті Ақтөбеде өтіп жатқан ел біріншілігінде туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыс еткен.
Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атандым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым, - деп жазды спортшы қыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан барлығы 510 татами шебері қатысуда. Ел біріншілігі 18 қарашаға дейін жалғасады. Чемпионат қорытындысы бойынша 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс