23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАвстрияның Линц қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-Приде Абиба Әбужақынова чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша, Абиба Гран-При турнирінде екі мәрте топ жарып отыр. Бұған дейін ол 2023 жылы Португалия Гран-Приінде үздік шыққан.
Абиба алғашқы белдесуінде жапон қызы Мизуки Хараданы иппонмен жеңсе, ширек финалда татами қожайыны Жакелин Спринжерден басым түсті. Жартылай финалда нидерландтық Амбер Гержестен айласын асырды. Ал финалда 19 жастағы жапониялық Сашуа Иошиноның мысын басып, турнир жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, бұл Абибаның биылғы алғашқы жарысы. Соңғы рет ол 2024 жылы Абу-Даби Гранд Слэм турнирінде қола медаль алған.
Турнир 9 наурызға дейін жалғасады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады