Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБудапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова финалға шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
48 келіде белдескен отандасымыз жартылай финалдық белдесуде испаниялық Лаура Мартинестен басым түсті. Енді ол чемпиондық белдесуді италиялық Скутта Аккунтаға қарсы өткізеді.
Абиба Әбужақынова бүгін іріктеу белдесуінде Ресей, Бельгия, Жапония балуандарымен белдесіп, барлығында жеңіске жетті. Ол бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола жүлдегер атанған болатын.
Сондай-ақ, 48 келіде белдескен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде есе жіберсе, 60 келіде Шерзод Давлатов бірінші белдесуінде оңтүстіккореялық Ли Харимнен жеңілді. Ал Мағжан Шамшадин (60 кг) жұбаныш белдесуінде есе жіберіп, 7-ші орынға тұрақтады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары