Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҰлттық құрама дзюдошысы Абиба Абужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абиба жүлде жолында түрік палуаны Тугче Бедерді жықты. Осылайша, Абужақынова дүниежүзі бәсекесінде екі жүлде алған тұңғыш қазақстандық әйел татами шеберіне айналды.
Бүгін Абу-Даби татамиінде жарысты 2-айналымнан бастаған қазақ дзюдошысы әуелі Түркия, сосын Словакия мен Бразилия құрамасының спортшысын таза жықты. Ал жартылай финалда моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавудоржға қосымша уақытта (golden score) есе жіберді.
Айта кетейік, Абиба 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған.
Әлем чемпионатының жеңімпазы Олимпиада рейтингінде 2 мың, күміс жүлдегер 1400, ал екі қола жүлдегер 1000 ұпайдан алады. Абу-Дабидегі додадан кейін рейтинг түзіліп, Парижге баратын спортшылар анықталады.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді