22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды1–10 тамыз аралығында Абай облысында ұлы ақынның 180 жылдығына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өтеді. Жоспарланған 41 іс-шараның 11-ы Абай ауданында, ал 30-і облыс орталығында ұйымдастырылады. Осыған орай қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарынан қосымша полиция күштері тартылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz жазуынша, ауқымды мәдени шара қарсаңында Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Бекторе Сұлтанның төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті. Жиынға департамент аппараты, қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, желілік полиция бөлімі, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылығы қатысты. Аудандық бөлімшелер бейнебайланыс арқылы қосылды.
Кеңес барысында өңірдің бас полицейі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтау – барлық іс-шаралардың табысты өтуінің негізгі кепілі екенін атап өтті.
Мерекелік іс-шаралар кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Абайдың 180 жылдығына арналған мерекелердің тыныш, лайықты әрі жоғары деңгейде өтуі үшін барлық күш пен құрал жұмылдырылады, – деді Бекторе Сұлтан.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Абай облысының тәртіп сақшыларымен қатар Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарынан қосымша полиция күштері тартылады. Ішкі істер органдары өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындауға шақырады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев