1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстанада ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында зейнеткерлер «Абайды оқимыз» атты әдеби эстафета өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара Абай ескерткішінің жанында ұйымдастырылды. Ақын рухына тағзым етуге жиналған зейнеткерлер Абай өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқып, әндерін нақышына келтіре орындады.
«Таным» поэзия зияткерлік клубының жетекшісі Гүлжамила Қонақбаеваның айтуынша, клуб мүшелері бұл бастаманы бірауыздан қолдап, Абайға арналған кешке ерекше ықыласпен дайындалған. Сондай-ақ «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды.
Шілде-тамыз айларында орталықта Абайдың 180 жылдығына арналған 20-ға жуық іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында поэзиялық кештер, шығармашылық эссе байқаулары, ашық сабақтар мен өлең оқу челлендждері бар.
Айта кету керек, тамыз айының екінші жартысында 100-ге жуық зейнеткердің қатысуымен «Абай еліне саяхат» атты мәдени сапар ұйымдастырылмақ.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?