Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАбай облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Өңір аумағында өткен күндері биіктігі 80 см-ге дейін қалың қар жауған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдармен жүріп-тұруға шектеу қойылды.
Абай облысының жолшылары мен ТЖД көмегімен «Қалбатау-Майқапшағай» автожолының 970-995 км учаскесінде 385 адам эвакуацияланды. Жылдам көмек көрсету мақсатында тек жер үсті ғана емес, сонымен қатар әуе қызметтері де тартылды.
"ҚазАвтоЖол" хабарлауынша, қазіргі таңда Қалбатаудан Көкпектіге дейінгі жол ашылды. Жүріс бөлігін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Жол қызметтері жолда қалған көліктерді жылытуға көмектесуде.
Аталмыш учаскеде 14 жол техникасы жұмылдырылған. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін қосымша қар тазалау техникасы мен персонал тартылады.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс