Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек28-29 қыркүйекте Астанада Абай және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі облыстың аграршылары Астанаға нарықтық бағадан төмен бағамен 830 тоннадан астам жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі. Сатылатын тауарлар тізімінде: ет, күріш, балық, көкөністер мен жемістер, өсімдік майы, сүт өнімдері, бал, қымыз, шұжық өнімдері, бақша дақылдары, ас тұзы, сондай-ақ сүт және кондитерлік өнімдер бар.
Жәрмеңкені өткізу барысында елорда тұрғындары мен қонақтары Абай және Қызылорда облыстарының әртістерінің қатысуымен ойын-сауық концерттік бағдарламасын тамашалай алады. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолы, 1-де өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін оны өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары жүреді.
Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес