Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ақорданың кулуарында «Абай-Верн» бағдарламасын кеңейтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Франция тарапынан біздің магистранттар мен докторанттарымызға «Абай-Верн» арнайы оқу бағдарламасы арқылы жыл сайын 30 грант беріледі. Сол бағдарламаны біз кеңейтеміз. Грант санын 45-ке дейін ұлғайтамыз, - деп атап өтті министр.
Саясат Нұрбектің айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының аясында да еліміздің зерттеушілерін Францияның жоғары оқу орындарына жіберуге мүмкіндік артады.
Қосымша Францияның 13 жетекші университеті қосылады. Тағы да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «500 ғалым» жобасы аясында «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы кеңейтіледі. Жетекші 6 Францияның ғылыми зерттеу орталығы мен зертханалар қосылады. Қазіргі таңда біздің 8 адам тағылымдамадан өтуде, - деді ол.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар