30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көркемдік композиция Кеңес Одағының батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Қамзин, Құдайберген Сұрағанов, Рахымжан Тоқатаев, Ахмедияр Құсайынов, Сәду Шәкіров, Евгений Бреусов, Жолдыбай Нұрлыбаев және майданға аттанған 114 ҚазПИ (қазіргі - Абай атындағы ҚазҰПУ) студенттері мен оқытушыларына тағзым ретінде қойылды.
Ескерткіштің ашылуы – Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларымызды ұлықтап, олардың есімдерін ұрпақ санасында мәңгі есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай, проректорлар, факультет декандары, кафедра және бөлім меңгерушілері, профессорлық-оқытушылар құрамы, ардагер ұстаздар мен Кеңес Одағының батырлары атанған университет түлектерінің ұрпақтары, сондай-ақ білім алушы жастар қатысты.
Абай университетінің басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп құттықтау сөзінде:
Осы күнге дейін университетімізден майданға аттанып, Кеңес Одағы батыры жоғары дәрежесіне ие болған 8 тұлға белгілі болған болса, Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында біздің тарихшы ғалымдарымыздың зерттеп-зерделеуімен, архивтік құжаттарды қайта қарап, жұмыстануының нәтижесінде тоғызыншы батырдың да осы университеттен шыққаны анықталып отыр. Осы орайда университет түлектерінің қолдауымен арнайы белгі тас орнатылып жатыр. Бұл белгі – университетімізден майданға аттанған оқытушылар, ғалымдар мен студенттердің ерлігіне, бабалар рухына тағзым ретінде қойылды, - деп атап өтті.
Ресми іс-шара соңы «Ерлікке тағзым» атты концерттік бағдарламамен жалғасты.
Айта кетейік, «Ерлікке тағзым» ескерткіш тас белгісі Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі Рақымберді Жетібайдың демеушілігімен орнатылды. Ал аталған шараның ұйымдастырылуына университеттің Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменті мұрындық болды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды