18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аясында жеті тілге аударылған «Ұрпаққа ұлағат» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жинақ білім, адамгершілік, қоғам және рухани даму жөніндегі идеялары бүгінгі таңда өзекті болып отырған тұлға – Абайдың философиялық мұрасымен танысуға мүмкіндік береді.
Бейімделген нұсқаның авторы – көп жылдық тәжірибесі бар ұстаз, қазақ тілін оқытудың бірегей әдістемесі мен оқу-әдістемелік құралдарының авторы, кәсіби қызметін өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға арнаған - Гүлмира Амандықова.
Кітап ағылшын, испан, қытай, неміс, орыс, түрік және француз тілдеріне аударылған.
Басылымның рецензенттері мен кеңесшілері Испания Корольдігінің Елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, Қазақстан Республикасындағы Франция елшілігінің құрметті консулы Доминик Пажес, француз ғалымы Кэтрин Пухаль, қытайлық жазушы және аудармашы Акбар Мажит, неміс жазушысы, Анкаран университетінің профессоры Анна Рафатхан және Анна Тукерхан.
Шараға зиялы қауым өкілдері, шет мемлекеттердің дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан мен шетелдің ғылыми және шығармашылық зиялылары, Астанадағы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр