30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай», «Абай. Стихи и поэмы» атты жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қоғам қайраткерлері, абайтанушылар, әдебиеттанушылар мен ақын-жазушылар қатысты.
Жазушы Алмахан Мұхаметқалиқызының «Абай жолы» кейіпкерлері және Абай» еңбегі романдағы кейіпкерлердің туыстық, тарихи, рулармен байланысын жүйелі түрде талдай отырып, көркем образдар мен тарихи тұлғалардың байланысын зерделейді. Кітап ұстаздар мен студенттерге және оқушыларға көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Сонымен қатар ақын-аудармашы Орынбай Жанайдардың «Абай. Стихи и поэмы» жинағында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының таңдаулы өлеңдері мен поэмалары орыс тілінде ұсынылған. Басылым ұлы ақынның мұрасын көпшілікке насихаттауға бағытталған.
Аталған кітаптар мемлекеттік тапсырыс арқылы 3000 данамен жарық көрді және республикадағы кітапханаларға таратылмақ.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды