7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Абай облысының тұрғыны Қытайдан тауар алдырамын деп алаяқтың құрбаны болды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыркүйек айының ортасында Семей қаласының ПБ орталық полиция бөліміне 35 жастағы ер адам келіп, осы жылдың 6 маусымында WhatsApp мессенджерін пайдаланып Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтты. Алаяқ өзінің деректемелерін жіберіп, тауардың құнын алдын ала төлеуді талап еткен. Жәбірленуші алаяқтың айла-амалдарына күдіктенбей, сатушының талаптарын орындап, бірден 1 миллион 500 мың теңгеден астам қаражат аударды.
Екінші аударымнан кейін тауарды жеткізуге уәде берген сатушы байланысқа шығуды тоқтатты. Ер адам алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары Семей қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шыққан күдіктінің жеке басын анықтады. Жауап алу барысында күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1,2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция алаяқтың басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, – деді Абай облысы ПД бастығы Бекторе Сұлтан.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?