13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАбай облысында 44 жылдан бері құжатсыз жүрген тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Көкпекті ауданының ПБ-ға 44 жылдан құжатсыз өмір сүріп жүрген 62 жастағы тұрғын жүгінген. Ол аудан орталығынан алыс мекенде тұратындықтан, сондай-ақ аса қажеттілігі болмағандықтан, жеке басын куәландыратын құжаттарын алмаған. Ұзақ жыл бойы ол кеңестік қызыл паспортпен өмір сүрген. 90-жылдары полицияға жүгініп, рәсімдеуге қажетті құжаттардың тізімін алған. Қажетті анықтамаларды жинап жатқанда, төлқұжатын да жоғалтқан.
Биыл әйел зейнеткерлікке шығуы керек болғандықтан, қайтадан полицияға хабарласып, қысқа мерзімде жеке куәлік алды. Полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының қызметкерлері оған жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге көмектесті. Енді аудан тұрғыны әлеуметтік және медициналық қызметтерді еш қиындықсыз ала алады және зейнеткерлікке шыға алады. Жеке куәлікке қол жеткізген аудан тұрғыны қуанып, тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды