Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАбай облысында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
22 мамырда «101» пультіне Бородулиха ауданынан 7 шақырым жердегі Ауыл станциясында, Алтай өлкесінің Новенькая ауылы маңында құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
Өрт «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағына дейін өсті. Березовка ауылындағы санаторийге қауіп төніп тұр. Өрттің аумағы 57-70 гектарды құрайды. 41 адамнан тұратын ТЖД бригадасы, 14 техника мен 1 КШМ, орман шаруашылығынан 157 адам мен 44 техника өртті сөндіруде. Жергілікті атқару органдарынан КамАЗ-су тасушы, 3 МТЗ жіберілді. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерінен тұратын 4 адам, 2 техника тұрғындарды ақпараттандырумен айналысуда, - делінген Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Абай облысы ТЖД дағдарыс орталығында штаб құрылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары