7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ұлағатты ұстаз, «Қазақстанның Еңбек Ері» Алма Шүкежанованы 75 жас мерейтойымен құттықтап, Президенттің құттықтау хатын табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халқымыз ұлағатты ұстазды ерекше қадірлейді. Осы беделді қызметті абыройлы атқарып, өскелең ұрпақтың сана-сезіміне білім мен тәрбие, жүректеріне ізгілік нұрын құя білдіңіз. Жарты ғасырдан астам ерен еңбегіңіз айрықша бағаланып, еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктеріңіз үшін ең жоғары мемлекеттік наградаға ие болуыңыз — зор құрмет, - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.
Алма Шүкежанова – Семейдегі №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі. Педагогика саласында үздіксіз 52 жылдық еңбек өтілі бар ұлағатты ұстаз.
Сізді мерейлі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің еңбек жолыңыз, әлі күнге дейін шәкірт тәрбиелеп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүргеніңіз кейінгі буынға үлгі-өнеге, — деді облыс әкімі.
Айта кетсек, ұлағатты ұстазға 2023 жылы Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ең жоғары марапаты – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі және «Отан» ордені табысталған болатын.
Алма Сайдахметқызы – ұлттық құрылтай мүшесі. Ол жас ұрпаққа сапалы білім берудегі қажырлы еңбегімен ғана емес, қоғамдағы маңызды мәселелерді талқылауға қосқан үлесімен де танымал. Ұстаздың өмірлік жолы – білім мен еңбекке деген шынайы құрметтің жарқын көрінісі.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?