30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАбай облысы Бесқарағай ауданындағы Шипалы көлде 300 орындық балалар лагері салынады деп жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әкімдіктің мәліметінше, аймақ басшысы Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Шипалы көлде болып, демалыс аймағын дамытуға қатысты жобалармен танысты.
Туристік аймаққа инфрақұрылым тартуға, инвестиция салуға қызығушылық танытып жатқан кәсіпкерлер аз емес. Жергілікті инвесторлардың бірі көл жағасына сауықтыру, демалыс кешенін, енді бірі 300 орындық балалар сауықтыру лагерін салуды жоспарлап отыр. Аймақ басшысы бастамаларға қолдау білдіріп, әкімдік инфрақұрылым желілерін тартуға көмек көрсететінін айтты.
Шипалы көлдің әлеуеті өте жоғары. Көлге инфрақұрылым тартылса, келеміз деп отырған инвестор көп. Негізгі жолдан көлге дейінгі 7-8 шақырым қара жол. Биыл оған асфальт төсейміз. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы электр желісін тарту бойынша ұсыныс беріңіздер. Біз облысымыздағы осындай туристік орындарды тиімді пайдалануымыз керек, - деді облыс әкімі.
Өз кезегінде облыс басшысы өңірдегі туристік орындарды дамыту бойынша туризм басқармасының басшысына тапсырма берді.
Жағажай аумағы демалушылар үшін абаттандырылып, киім ауыстыруға арналған кабиналар, күннен қорғайтын құрылыстар, волейбол алаңы, барбекю аймағы мен демалыс орындары орнатылған. Көл маңында жартылай жеке кордон және 12 төсек-орындық қонақүй де бар.
Бүгінде көл жағасында 10 жеке кәсіпкер демалушыларға түрлі қызмет көрсетіп келеді. Жазғы маусымда демалыс күндері келушілер саны 700-800 адамға дейін жетсе, аптаның басқа күндері шамамен 300 адам тынығады. Көлге жақын маңдағы облыстардан туристер жиі келіп, Семей қаласынан да тұрақты турлар ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Шипалы көл (ел арасында Шошқалы көл деп аталып кеткен) – Бесқарағай ауданының солтүстік-батыс бөлігінде, аудан орталығынан 85 шақырым жерде, «Семей Орманы» табиғи резерваты аумағында орналасқан ерекше табиғи нысан. Көлдің суы мен балшығы емдік қасиеттерімен танымал.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды