29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Абай облысындағы төтенше жағдайға неліктен министрліктен қаржы бөлінбей, қайырымдылық қорларынан қаражат жиналып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенат кулуарында журналистер Жамаубаевтан «Абай облысындағы төтенше жағдайға мемлекет резервінен қанша қаржы бөлінді? Бүгінді таңда қарапайым халық әдеттегідей, қайырымдылық жинақ ашып, қаржы жинауда. Осы орайда мынадай сұрақ туындайды, егер Үкіметте осындай төтенше жағдайларға арналған қаржы болса, неліктен халықтың жинаған ақшасы жұмсалып жатыр?» деп сұрады.
Өздеріңіз көргендей, көмек нақты түрде болды. Ол көмектер жапа шеккендердің отбасыларына арналған. Ал апатты жағдайлар мен төтенше жағдайлар кезінде қарастырылатын қаржыға келетін болсақ, әзірге есеп толығымен жасалмады. Себебі өңірдегі өрт әлі де толығымен сөндірілген жоқ. Бұл үшін арнайы Үкімет тарапынан да, Абай облысының атынан да резерв бар. Нақты сандары белгілі болған кезде қаражат мөлшерін айтатын боламыз. Сондай-ақ барлық шығынды жабатын боламыз, - деді Ерұлан Жамаубаев.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек