18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Абай облысы Бородулиха ауданының Зенковка ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңадан ашылған өрт сөндіру бекеті 2300-ден астам тұрғыны бар жеті елді мекенді өрттен қорғауға мүмкіндік береді.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатовтың айтуынша, жаңа бекет өрт сөндірушілердің жету уақытын қысқартып, төтенше жағдайларға ден қою тиімділігін арттырады.
Биыл облыста 834 өрт тіркелді, оның жартысына жуығы тұрғын үй секторында болған. 200-ден астам табиғи өрт оқиғасы тіркелді. Жаңа бекет өрт сөндірушілердің жету уақытын қысқартып, ауданның 2304 тұрғыны бар 7 елді мекенін қорғауға мүмкіндік береді, - деді ол.
Нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі Айдар Ибраев ғимаратты тұрғызуға мұрындық болған Поптар отбасына алғыс білдірді.
Айта кетейік, ауылдың дамуына айрықша үлес қосып жүрген Константин Поп бұған дейін хоккей кортын, пошта ғимаратын және басқа да әлеуметтік нысандарды салуға көмектескен.
Әкімдіктіктің ақпаратына сүйенсек, жыл соңына дейін Андреев, Дмитриевка және Петропавл ауылдық округтерінде де осындай бекеттер ашылмақ.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр