2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАбай облысында әлеуметтік-медициналық қолдауға мұқтаж жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа нысан ҚР Президентінің ана мен бала денсаулығын сақтау жүйесін нығайту және шалғай өңірлердегі әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құрылды.
Пансионат облыстық перинаталдық орталықтың базасында орналасқан және 20 төсекке есептелген. Мұнда ауылдық жерлерден келген болашақ аналар жайлы жағдайда уақытша тұруға, қажетті зерттеп-қараулардан, дәрігерлердің консультацияларынан, сондай-ақ мамандардың тұрақты бақылауымен босануға дайындықтан өтуге мүмкіндік алады.
Пансионат құрудың мақсаты - шалғайдағы және жету қиын елді мекендердегі әйелдердің жүктілік және босану қауіпсіздігін қамтамасыз ету, асқыну қаупін, сондай-ақ ана мен бала өлімінің деңгейін төмендету.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс