23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысында жаңадан 5 су қоймасын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Жаңа су қоймалары өңір қажеттілігі үшін 156 млн текше метрден астам су жинай алады.
Атап айтқанда, Үржар ауданында Келдімұрат (30 млн.м3) және Көктерек өзендерінде (31,4 млн.м3) су қоймалары бой көтереді. Ал, Көкпекті ауданындағы Кіші Бөкен өзенінде (30 млн.м3) және Ақсуат ауданында Қарғыба (20 млн.м3) мен Базар (45 млн.м3) өзендерінде жаңа су қоймалары салынады. Құрылыс жұмыстары 2024-2030 жылдары іске асырылуы тиіс.
Бүгінгі таңда Қарғыба су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі дайын. Қалған 4 жоба бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті инвестициялық ұсыныс әзірлеп жатыр.
Жаңа су қоймаларының құрылысы халықтың өмір сапасын жақсартып, өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосады және жергілікті шаруаларды тұрақты сумен қамтамасыз етуге тиімді ықпал етеді. Осыған дейін министрлік Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарын әзірледі. Аталған жұмыстар осы құжат шеңберінде жүргізіледі, - деді Нұржан Нұржігітов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік