23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАбай облысында желтоқсан айынан «Tabysty otbasy» әлеуметтік жобасы басталды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
«Отбасы» әлеуметтік-мәдени қоры тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың мүшелерін, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ата-аналарды және халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 29 жасқа дейінгі жас азаматтарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға жағдай жасауға бағытталған бағдарламаны іске асырмақ. Негізгі мақсат – табысты ұлғайтуға жәрдемдесу, жобаға қатысушылардың санасын өзгерту, өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру, – делінген хабарламада.
Жобаның бірегейлігі – әр жоба қатысушысына жеке даму картасын құру және қолма-қол ақша бермей өз ісін ашуға мүмкіндік беру. Оқыту бес бағытты қамтыған. Атап айтқанда сұлулық саласы, әлеуметтік желілерді сүйемелдеу, тігінші, автодәнекерлеуші және кондитер дайындау бойынша жүргізіледі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады