6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбай облысының полицейлері дизель отынын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 829-шақырымында Көкпекті ауданының 44 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан ГАЗ-27390 көлігін тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізуші өз көлігінде жалпы көлемі шамамен 2 тонна 600 литр дизель отынын тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны анықталды. 44 жастағы заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы 3-бөлігі (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, осы баптың санкциясымен жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 15, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 20, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі