Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАбай облысында 7 адам уылдырық шашу кезеңінде балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Рейд барысында Қызыл Су өзенінің жағасында құжатсыз 105 кг балық тасымалдаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталды.
Балық аулау ережелерін бұзған барлығы 7 адам анықталды, оның ішінде 5 адам ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігі бойынша (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігі бойынша (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) жауапкершілікке тарту үшін 2 адамға қатысты материалдар құқық бұзушылық жасалған жердегі соттарға жолданды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?