Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Әртүрлі форматтағы мерекелік шаралар салт-дәстүрді жаңғыртуға, рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
«Наурыз – халқымыз үшін маңызы жоғары мереке. Ең әуелі Наурызды тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық мерекесі ретінде қараған жөн. Осыған орай жалпыреспубликалық «Таза табиғат» акциясы басталды. Жоспарда барлығы 500-ден астам шара қарастырылған. Оның ішіндегі ауқымы жағынан негізгі шаралар саны – 50. Семей қаласының түкпір-түкпірінде ұлттық салт-дәстүрді паш ететін тақырыптық шаралар ұйымдастырылады. Наурыз - мейірім мен қайырымдылықтың да мерекесі, сол себепті облыста қайырымдылық акциялары да өткізілмек, - дейді Абай облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.
21 наурызда қала шетінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған салтанатты шара өтеді. Ал басты мереке 22 наурызда басталады.
«Биыл Ұлыстың ұлы күнінде қаланың Степной, Шығыс, Водный, Дальный, Юность секілді шет аудандарында да мерекелік шаралар ұйымдастырылады. 22 наурызда театр және филармония әртістері шаһар тұрғындары алдында өнер көрсетеді. Мерекеде тарихи тұлғалардың есімдерімен аталатын 12 киіз құрылады, – дейді Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд