6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАбай облысында өткен жылдың көктемінде тасқын салдарынан бүлінген «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті» аудандық маңызы бар тасжолындағы көпір қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сол кезде шұғыл шешімдердің нәтижесінде Боғас өзеніне уақытша өткел салынып, қатынас қалпына келтірілген болатын. Жергілікті және облыстық атқарушы билік тарапынан тиісті көмек көрсетілді. Көпірді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев арнайы келіп көріп, мәселенің оң шешілетіндігін айтқан болатын.
Бүгінде «Зайсан - Құрылыс» компаниясы құрылыс жұмысын ойдағыдай аяқтап, көпір қалыпты жұмыс істеп тұр.
Көпір біздің ауылдық округ үшін өте маңызды. Көпіріміз бүлінген кезде алаңдап қалғанымыз рас. Облыс әкімі жағдайды жедел бақылауына алып, тиісті шараларды жүзеге асырды. Енді міне, жаңа көпір халыққа қызмет жасап тұр. Тұрғындар атынан алғыс айтамыз, -дейді ауыл тұрғыны Өкен Тыныбаев.
Әкімдіктің мәліметінше, аталған көпір арқылы Кіндікті, Алғабас ауылдарына және Ырғызбай ата кесенесіне баратын жолаушылар қатынайды. Жалпы Кіндікті ауылдық округінде 631 адам тұрады. Ырғызбай әулие кесенесіне жылына алты мыңға жуық турист келеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі